Ол ақтық сайыста финляндиялық Пихла Кайво-Оямен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында боксшылар бір-біріне көбірек соққы жұмсауға тырысты.
Нәтижесінде, Алуа Балқыбекова қарсыласына есе жіберіп, Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова 2025 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола медаль алды. 2021, 2022 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу