Алуа Балқыбекова бокстан Әлем чемпионы атанды

165

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі, 51 келі салмақтағы Алуа Балқыбекова алтын медаль жеңіп алды.

Алуа Балқыбекова бокстан Әлем чемпионы атанды Фото: Kazakhstan Boxing Federation

Финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы Түркия өкілі Бусеназ Чакыроғлуға қарсы шығып, алғашқы екі раундта жинақы қимылдап, тиімді соққыларымен басым түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қорытындысында төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, Әлем чемпионы атанды.

Алуа Балқыбекова бұған дейін ол Әлем чемпионатында алтын, күміс және қола жүлдеге қол жеткізіп, екі мәрте Азия чемпионы атағын иеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу