Алуа Нұрман шахматшылардың әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді

265

Халықаралық шахмат федерациясы 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлемнің үздік 100 шахматшысының жаңартылған рейтингін жариялады.  

Алуа Нұрман шахматшылардың әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді Фото: fide.com/Maria Emelianova

Алуа Нұрман 20 жасқа дейінгі шахматшылардың әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

19 жастағы қазақстандық Алуа Нұрман рейтингіне 7 ұпай қосып, жалпы көрсеткішін 2442 ұпайға жеткізді. Соның нәтижесінде ол әлемдік рейтингте 4-орыннан үшінші орынға көтерілді.

Рейтинг көшін 2465 ұпаймен украиналық Анастасия Гнатышин бастап тұр. Екінші орында 2443 ұпаймен Анна Шухман (FIDE/Ресей) орналасқан. Алуа Нұрман одан небәрі бір ұпайға ғана қалып келеді.

Қазақстандық шахматшы 2025 жылғы блицтен Азия чемпионы атанған. Сондай-ақ маусым айында Гонконгта өткен командалық әлем чемпионатында жеке тақтадағы бәсекеде блицтен алтын, ал рапидтен күміс медаль жеңіп алды.

Жаңартылған рейтингке Қазақстанның басқа да шахматшылары енді. Амина Қайырбекова 2353 ұпаймен 13-орында тұр. Елназ Қалиахмет 2304 ұпаймен 22-орынға жайғасса, Зарина Нұрғалиева 2302 ұпаймен келесі, 23-орында орналасқан.

Ал Мария Холявко 2217 ұпаймен 60-орынды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу