Алюминий өндірісінде отандық өнім қолданылатын болады

13907

Павлодар зауыты өз өнімдерінен ресейлік шикізатты ығыстырмақшы. 

Алюминий өндірісінде отандық өнім қолданылатын болады

"Жаздың соңында бастапқы алюминий өндірісінде павлодарлық қыздырылған мұнай коксын өндіретін зауыт  "УПНК-ПВ" ЖШС-ның коксын қолдану басталды. Қазір кәсіпорынның алдында Ресейде шығарылатын шикізаттың орнына қолданылатын кокс үлесін кезең-кезеңмен арттыру міндеті тұр. Бастапқы меже – 50%-ды құрайды, ал бұл шамамен айына мың тонна болады",– деп хабарлады abctv-ге "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ-ның баспасөз қызметі.

2015 жылдың күзінде "Павлодар" арнайы экономикалық аймақ аумағында жобалық қуаты жылына 205 мың тонна қыздырылған кокс шығаратын "Қыздырылған мұнай коксын өндіретін зауыт" іске қосылды. Зауыттың инвестициялық көлемі – 22,9 млрд теңге.

УПНК-да кокс шығарудың екі тәуелсіз желісі бар. Олар бір-бірінсіз-ақ жұмыс істейді. Әрқайсысының қуаты – жылына 102,5 мың тонна дайын өнім. Өндіріс үшін қолданылатын негізгі шикізат – Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілетін шикі мұнай коксы. Бұрын шикі мұнай коксы оны қыздырумен айналысатын Ресей кәсіпорындарына сатылатын-ды.

Алғашқыда шикі мұнай коксын ықтимал тұтынушы "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ болар деп жоспарланған болатын. Оларға шикі мұнай коксы алюминийді қорыту кезінде анодтық блоктарды өндіру үшін қажет.

Шыны керек, жаңа өнім өндіруді бір тәртіпке келтіруге уақыт қажет болды. Алюминий зауытының баспасөз қызметі атап көрсеткендей, "УПНК-ның коксты қолданудағы негізгі себептерінің бірі – келешекте еліміздегі алюминийдің өзіндік құнын азайту болып табылады".

Екіншіден, ең басты себеп – өңір ішінде ақша легінің қозғалысын қамтамасыз ету, басқаша айтсақ – коксты шетелдік өндірушіден сатып алмай, керісінше, отандық бизнес ұстанымын нығайтамыз".

Бірақ, "УПНК-ПВ" ЖШС шығаратын коксты қолдануға толықтай көшуге бірқатар кедергі бар. Атап айтқанда, металлургтердің ақпары бойынша, өзімізде шығарылатын кокс алюминийдің сұрыптылығына әсер етеді. Бұл айтылып отырған шикізаттың сапалық сипаттамасы алюминий шығаратын зауыттың технологиялық кешені бұрылған бағыттан ерекшеледі.  

Кәсіпорын мамандары осы техникалық-экономикалық міндеттерді шешуге тиіс. Кәсіпорынның баспасөз қызметі былай деп атап көрсетті: "Мұны шешудің үш жолы бар. Біріншісі, кокстың ерекшелігіне қарамастан, қажетті өнімді алудың технологиялық шешімін табу. Екіншісі, кокс қасиетін анықтап, түзету әдісін оны өндіру барысында іске асыру. Үшіншісі, "ҚЭЗ" АҚ-ның жаңа өнім номенклатурасы үшін тұтыну нарығын табу керек".

Осы бағыттардың әрқайсының келешегі жекелеген немесе кешенді түрде бүгінгі күні өндіріліп жатқандай УПНК-ның коксты қолдану мүмкіндігінің бастапқы шегіне жеткен кезде анықталатын болады. Бұл келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында анықталатын болады.

Бүгінгі күні павлодарлық "УПНК-ТВ" ЖШС кәсіпорны шығаратын коксты пайдалану көлемі "ҚЭЗ" АҚ-ның анодты өндірудегі жалпы жылдық сұранысының 50%-ын құрайды, ал бұл шамамен 100 мың тонна.

Марина Попова, Павлодар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу