"AMANAT" партиясы президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды

1871

Астанада өтіп жатқан "AMANAT" партиясының кезектен тыс XXIV съезінде алдағы сайлауға партия атынан үміткер ұсыну мәселесі қаралды. 

"AMANAT" партиясы президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды

Партия төрағасы Ерлан Қошанов президенттікке үміткер ретінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

– Елімізді, халқымызды басқару үшін халық сенетін үміткер қажет. Біздің Президент көптеген сындардан өтіп, еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен дамып отыр. Ол бар жауапкершілікті түсіне отырып, елдегі әл-ауқатты сақтауда қолдан келгеннің бәрін жасап келеді. Ең қиын кезеңде елдікті сақтауға және барлығын біріктіруге көмектескен осындай көшбасшымыздың болғаны маңызды. Барлық реформаның басты нәтижесі бірлік. Барлық жоспарымызды жүзеге асыру үшін үміткерді біздің президентті қолдауларыңызды сұраймын, – деді Ерлан Қошанов.

Айта кету керек, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев та президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. 

Елімізде кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанға дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу