Аманжан Жамалов: ДСМ Президент тапсырмасына саботаж жасап отыр

3172

Зейнетақы жинағының бір бөлігін емделуге пайдаланудің тетіктері нақтылаған жоқ. 

Аманжан Жамалов: ДСМ Президент тапсырмасына саботаж жасап отыр Фото: sputniknews.kz

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін Президент тапсырмасына саботаж жасап отырғанын айтып сынады,– деп хабарлайды Inbusiness.kz. Депутат осы шаруаны тындыруға жауапты болған адамдардың үстінен тексеру жүргізіп, жауапқа тарту керек деп есептейді. 

"Менің депутаттық сауалым Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне бағытталады. Бір ай бұрын мен азаматтардың зейнетақы шотынан бір жолғы төлемді тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсаудың тәртібін бекіту туралы сауал жолдаған болатынмын. Бұл ережелерді Үкімет қабылдап, қазақстандықтар өз жинақтарын ипотеканы жауып, баспана сатып алуға жұмсай бастады. Бірақ Президенттің тапсырмасы мен заң нормалары тек жартылай ғана орындалып жатыр екен. Денсаулық сақтау министрлігінде әлі күнге дейін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін емделуге жұмсау тәртібі енгізілмеген. Маған айтуларынша, қазір бұл ереже Әділет министрлігінде жатқан көрінеді. Барлық процедура сақталған күннің өзінде бұл зерттеулер тек наурызда күшіне енеді. Ал министрлік өкілдері бұған дейін талай рет уәде берген болатын. Азаматтар өз жинақтарының бір бөлігін радиохирургиялық емдеуді, протонды терапияны, ЭКО-ұрықтандыруды, стоматологиялық қызметтерді, медициналық оңалтуды талап ететін салмақты ауруларды емдеуге жұмсай алады деп күткен болатынбыз. Сонда министрлік бұл азаматтар үшін өмірлік маңызы бар мәселе екенін шынымен түсінбей ме",  деп кіжінген Мәжіліс өкілі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сылбырлығына да қынжылыс білдірді.

"Баспана мен емделуден бөлек зейнетақы жинағының бір бөлігі сенімгерлік ұйымдар мен компанияларға берілуі мүмкін. Жеке басқарушы компаниялардың тізімін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекітуі керек. Ол тізім қайда? Қайдан іздеу керек? Оны тек агенттіктің қызметкерлері ғана білетін сияқты. Осы жайттардың бәрі Президент тапсырмасын орындауға қарсы бағытталған саботажға ұқсайды.  Денсаулық министрлігі мен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне қысқа мерзімде зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану туралы заңның барлық қажет актісін қабылдауды сұраймын. Сондай-ақ, аталмыш актілерді дайындап мақұлдатуға жауапты болған қызметкерлердің үстінен қызметтік тексеру жүргізіп, жауапқа тартқан жөн. Өз әріптестерімен бұдан былай қабылданатын заңнамалық актілерді қабылдау мен бекітудің мерзімін нақты көрсетуді ұсынамын",  деді Аманжан Жамалов Мәжілістің жалпы отырсында.

Есжан Ботақара


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу