Америка ашық чемпионатындағы Елена Рыбакинаның микстегі қарсыласы анықталды

63

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында миксте америкалық Тейлор Фрицпен бірге өнер көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Америка ашық чемпионатындағы Елена Рыбакинаның микстегі қарсыласы анықталды Фото: ҰОК

Қазақстандық-америкалық жұп алғашқы айналымда италиялықтар Сара Эррани — Андреа Вавассоримен ойнайды.

Алғашқы айналымда сондай-ақ мына жұптар өзара сынға түседі.

Джессика Пегула (АҚШ) / Джек Дрейпер (Ұлыбритания) — Эмма Радукану (Ұлыбритания) / Карлос Алькарас (Испания).

Ольга Данилович (Сербия) / Новак Джокович (Сербия) — Мирра Андреева (Ресей) / Даниил Медведев (Ресей).

Ига Швентек (Польша) / Каспер Рууд (Норвегия) — Мэдисон Киз (АҚШ) / Фрэнсис Тиафо (АҚШ).

Наоми Осака (Жапония) / Гаэль Монфис (Франция) — Кэти Макнелли (АҚШ) / Лоренцо Музетти (Италия).

Катержина Синякова (Чехия) / Янник Синнер (Италия) — Белинда Бенчич (Швейцария) / Александр Зверев (Германия).

Тейлор Таунсенд (АҚШ) / Бен Шелтон (АҚШ) — Аманда Анисимова (АҚШ) / Хольгер Руне (Дания).

Винус Уильямс (АҚШ) / Рейлли Опелка (АҚШ) — Каролина Мухова (Чехия) / Андрей Рублев (Ресей).

Микст додасы 19-20 тамыз күндері өтеді.

Бүгін АҚШ ашық біріншілігінің жекелей сында іріктеу сайыстары басталады. Бұған ерлер арасында Қазақстаннан Бейбіт Жұқаев, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко қатысады.

Б.Жұқаев іріктеу сайыстарының ширек финалында америкалық Джек Пиннингтон-Джонстан өтуге тырысады.

М.Кукушкиннің алғашқы қарсыласы — Италия өкілі Андреа Пеллегрино.

Д.Попко бразилиялық Тьяго Уайлдпен шеберлік таластырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу