Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов пен ресейлік Тимофей Дерипаско 18 жасқа дейінгі тенисшілер арасында үздік деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық-ресейлік жұп финалда швейцариялық Анри Берно – чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов – Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті – 3:6, 6:1, 10:1.
Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде өткізіледі. Жарыс жасөспірімдер арасында ресми емес әлем чемпионаты болып есептеледі.
Матчтар жасыл топырақ төсенішінде ашық корттарда ойналады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу