Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 15-орында тұрған Әмір финалда ұлыбританиялық Оливер Бондингпен (19 ITF Juniors) шеберлік байқасты.
Бірінші сетте ұлыбританиялық теннисші тай-брейкте басым түскенімен, содан кейін Қазақстанның жас жұлдызы ойын тізгінін қолына ала білді – 6:0, 6:4.
Айта кетейік, бұл Әмірдің жекелей сында ITF Juniors додаларындағы алтыншы титулы.
Бұдан бұрын Қарағанды теннис мектебінің түлегі Таиландта (J300), Кореяда (J300), Мысырда (J100), Грузияда (J60) және Қарағандыда (J60) үздік шыққан еді.