Жекелей сында бірінші айналымда Әмір Омарханов әлемнің 668-ракеткасы, алжирлік Самир Хамза Регуигпен кездесті.
3 сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 3:6, 7:6 (9:7), 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші сетте жеңіліп, екінші сетте 1:4 есебімен артта қалғанына қарамастан, Әмір Омарханов керемет табандылық танытып, тай-брейкте үш матч-пойнтты қайтарып, есепті теңестірді. Шешуші үшінші сетте 5:5 есебінде брейк жасап, матчты жеңіспен аяқтады.
Екінші айналымда Әмір Омарханов француз Константин Биттун-Кузьмин мен италиялық Лука Кастаньола арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Сонымен қатар, жұптық сында Әмір Омарханов америкалық Карл Полингпен бірге ширек финалға шығып, португалдық Валентен Де Карвальо мен алжирлік Самир Хамза Регуиг жұбын 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы ITF рейтингінде 11-орында, ал ересектер арасында ATP рейтингінде 1036-орында тұр.
Тунисте өтіп жатқан турнирде сәтті өнер көрсетуі жас спортшының халықаралық аренадағы жоғары әлеуеті мен болашағы зор екенін көрсетеді.