Әмір Омарханов Кореядағы турнирдің чемпионы атанды

544

Қазақстандық теннисшілер Ванджу (Оңтүстік Корея) қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J300 турнирінде табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Әмір Омарханов Кореядағы турнирдің чемпионы атанды Фото: undefined

Жұптық сында жарыстың бірінші ракеткалары, қазақстандық Әмір Омарханов пен кореялық Хойонг Рох үздік шықты.

Қыздар арасында Мәлика Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жұптық сында финалға дейін жетті. Олар соңғы, тартысты бәсекеде кореялықтар Йесунг Чо пен Су Джонгқа есе жіберді – 6:1, 5:7, 8:10.

Жекелей сында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш басында тұрған Заңғар Нұрланұлы жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, кореялық Хойонг Рохқа жол берді – 4:6, 1:6.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу