Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасында бірінші санаттағы ITF J500 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сында жеңімпаз атанды.
Әмір Омарханов жекелей сында жартылай финалға дейін жетті. Онда франциялық Томас Фурелге есе жіберді – 2:6, 3:6.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу