Әмір Омарханов Тунистегі трунирдің ширек финалына шықты

315

ATP рейтингінде 1036-шы орында тұрған Әмір Омарханов жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайтын Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына өтті.

Әмір Омарханов Тунистегі трунирдің ширек финалына шықты Фото: Жеке парақшасынан

Монастирде (Тунис) өтіп жатқан ITF M15 турнирінде қазақстандық теннисші екінші айналымда италиялық Лука Констагноланы (738 ATP) 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

Ширек финалда Әмір француз Шарль Бертимонмен (1343 ATP) немесе турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі болып тіркелген неміс Том Гентцпен (472 ATP) ойнауы керек. Ойын ертең, 28 ақпан күні түстен кейін өтеді. 

Сонымен қатар, Әмір Омарханов аталмыш турнирде жұптық сайыстағы өнерін де жалғастыруда. 2-ші айналымда 25 жастағы америкалық Карл Полингпен бірге 17 жастағы Қазақстан өкілі Денис Клок пен Николай Вилегжанин дуэтімен кездесті. 1 сағат 1 минутта Омарханов пен Полинг екі сетте 3:6, 4:6 есебімен жеңіске жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу