Amnesty International тыңшылық бағдарламаларды сатуға мораторий жариялауға шақырды

2420

Еуропарламент Pegasus және басқа да тыңшылық бағдарламаларын зерттеу үшін PEGA комитетін құрған болатын. 

Amnesty International тыңшылық бағдарламаларды сатуға мораторий жариялауға шақырды

Pegasus бағдарламасы әшкереленгеннен бері бір жыл өтті, бірақ әлі күнге дейін әлемде тыңшылық бағдарламаларын сатуға мораторий қабылдаған жоқ, сондықтан "бақылау" индустриясы өркендеуде. Amnesty International осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2021 жылдың жазында бірқатар елдің үкіметтері (оның ішінде Қазақстанда да бар екенін жарияланған болатын) NSO Group-тың Pegasus деп аталатын тыңшылық бағдарламасын қолданып, құқық қорғаушыларды, саяси көшбасшыларды, журналистер мен заңгерлерді заңсыз барлағаны белгілі болды. Amnesty International бейнебақылау саласын реттеуге қатысты бірнеше рет ескерту жасалғаннан кейін шаралар қабылданғанын, бірақ оны қолданған елдердің үкіметтерінің әрекеті әлі де жеткіліксіз деген пікірде.

"Pegasus бағдарламсын әшкерелегеннен кейін, бір жыл өтсе де, барлау компаниялары әлі де табыс тауып отыр, адам құқығы жаһандық деңгейде тапталуда. NSO Group-тың тыңшылық бағдарламасынан жапа шеккен әрбір адам компаниядан ақша алуға құқылы. Әлемдік үкіметтердің бұған қатысты тиісті шаралар қабылдай алмауы физикалық және психологиялық тұрғыдан зардап шеккендердің барлығын қорлау болып саналады", – деді Amnesty Tech директорының орынбасары Данна Инглтон.

Оның айтуынша, құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғамды заңсыз бақылау репрессияның құралы іспеттес. 

Amnesty International-дың қауіпсіздік зертханасы телефондарға жасалған шабуылдар мен олардың "инфекцияланғанын" растау үшін цифрлық сот-медициналық сынақтары мен зерттеу әдістерін қолданды. Қазіргі уақытта Францияда, Үндістанда, Мексикада, Польшада және Испанияда NSO Group-қа қарсы тергеу жүргізілуде. Наурыз айында Еуропарламент Pegasus және басқа да тыңшылық бағдарламаларын зерттеу үшін PEGA комитетін құрған болатын.

2021 жылдың қараша айында АҚШ үкіметі NSO Group-ты ұлттық қауіпсіздік немесе сыртқы саясат мүдделеріне қайшы келетін ұйымдардың тізіміне енгізді. Кейінірек Apple оған қарсы сот ісін қозғады.

"Адам құқығының нормативтік кепілдіктері қабылданғанға дейін тыңшылық бағдарламаларын пайдалану, сатуға жаһандық мораторий жариялануын талап етеміз", – деді Amnesty International өкілдері.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу