Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Швейцарияның Энгадинінде өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші орынға ие болды. Ол параллельді могул сайысында сәтті өнер көрсетті.
Қола медаль үшін өткен жарыста Городко АҚШ өкілі Кайли Кариотистен басым түсті. Алтын медальді Джейлин Кауф (АҚШ) иеленсе, ал екінші орын Тесс Джонсонға (АҚШ) бұйырды.
Осылайша Анастасия Городко мансабында екінші рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізіп отыр.
Айта кетейік, бұл дисциплина 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу