Анастасия Городко Әлем кубогы кезеңінде Олимпиада чемпионын жарыс жолынан тайдырды

312

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде иеленді.

Анастасия Городко Әлем кубогы кезеңінде Олимпиада чемпионын жарыс жолынан тайдырды Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы параллельді могулда жартылай финалда Францияның Олимпиада чемпионы Перрин Лаффонды жеңді.

Финалда Анастасия АҚШ өкілі Джейлин Кауфпен кездесті. Нәтижесінде, америкалық фристайл-могул шебері жеңіске жетті.

Қола медальды Лаффон иеленсе, қазақстандық спортшылардан Юлия Галышева тоғызыншы, ал Аяулым Әмренова 13-нәтиже көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Анастасия Городко таяуда ғана Италияның Турин қаласында өткен XXXII Қысқы Универсиадада фристайл-могул дисциплинасында екі алтын медаль жеңіп алды. Алғашқы алтынды ол классикалық могул сайысында, ал екінші алтынды параллель могулда жеңіп алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу