Анастасия Городко әлем кубогының қола медаліне қол жеткізді

400

Енді әлем кубогы фристайл-акробатика жарысымен жалғасады.

Анастасия Городко әлем кубогының қола медаліне қол жеткізді Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында өтіп жатқан фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңінде отандасымыз Анастасия Городко қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Нақтырақ айтсақ, ұлттық құрама спортшысы параллель-могулдан 3-орынға ие болды. Анастасия кіші финалда кеше жекелей сында топ жарған америкалық Тесс Джонсоннан озып кетті. 

Ал, суперфиналда Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері Джелин Кауф пен Рино Янагимото (Жапония) сынға түсіп, америкалық жеңіске жетті. 

Тағы бір отандасымыз, Пхёнчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева ширек финалға дейін жетіп, Анастасия Городкоға есе жіберді. 

Ал ерлер арасында танымал канадалық спортшы, Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы, бірнеше дүркін әлем чемпионы Микаэль Кингсбери жеңімпаз атанды. Жапониялық Икума Хоришима күміс, Мэтт Грахам (Аустралия) қола медаль жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу