Тинь қаласында 21 желтоқсанда фристайл-могулдан өткен FIS Coupe de France de Bosses халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.
Бәсекенің басты жұлдызы Анастасия Городко 2 алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев сәтті өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.
Бұдан бөлек, Пхёнчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева да тұрақты нәтиже көрсетті. Жарыста алғашқы сайыста 4-орын алса, шешуші күні 5-ші болып мәреге жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу