Анастасия Городко жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

324

Қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда.

Анастасия Городко жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды Фото: olympic.kz

8 ақпан күні Алматы қаласында "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында өткен фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Анастасия Городко алтын медаль иеленді.

Ол параллель могулда суперфиналда америкалық спортшы Рис Чэпделелейнмен сынға түсіп, мәреге бірінші келді. Қола медаль тағы бір америкалық Эбби Макларнонға бұйырды.

Бұған дейін, 2022 жылы Анастасия жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанып, параллельді могулда жеңіске жетті.

Сондай-ақ, жекелей сында командалық миксте күміс медаль иеленді. 2024 жылы Городко Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша, қазіргі уақытта Анастасия Городко фристайл могул бойынша жасөспірімдер арасындағы үш дүркін әлем чемпионы болып табылады. Бұл оның ерекше талантын және осы спорт түріндегі болашағы зор екенін көрсетеді.

Айта кетейік, қаңтар айында Анастасия Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадада могул және параллельді могул дисциплинасы бойынша алтын медаль иеленді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу