Андалусия Вуэльтасы. "Астана" шабандозы топ жарды

832

Astana Qazaqstan Team испаниялық велододалар науқанын 15-19 ақпан аралығында өтіп жатқан "Андалусия Вуэльтасы" көпкүндігімен аяқтайды.

Андалусия Вуэльтасы. "Астана" шабандозы топ жарды Фото: astanaproteam.kz

Бұл додаға елордалық велокомандадан Самуэле Баттистелла, Фабио Феллине, Джо Домбровски, Антонио Нибали, Вадим Пронский, Кристиан Скарони, Луис Леон Санчестер жарыс жолына шықты. Ал Марио Манцони мен Джакомо Нотари осы жарыста спорт директорлары ретінде жұмыс жасауда.

Күні кеше Astana Qazaqstan Team шабандозы Самуэле Баттистелла "Андалусия Вуэльтасының"  3-кезеңінде үздік үштік қатарына ілігіп, кезекті жеңіс тұғырына көтерілді. Баттистелла күні бойы көшбасшы топта болып, жарыс жолының соңғы шақырымдарында шабуылға шығып, нәтижесінде мәре сызығын 3-ші болып кесті.  

3-кезең аяқталған соң Самуэле кезекті жарыс күнін қорытындылай кетті.

"Бүгінгі кезең жазық аймақта өтті және команданың жоспары негізгі топтан бөлініп шығып, көшбасшы топта жеңіске таласу болды. Мен соңғы асуды  мүмкіндігінше жақсы жүріп өту үшін күні бойы көшбасшы топ қатарында болдым. Мәреге 3 шақырым қалғанда шабуыл жасадым. Бірақ соңғы шыңда басқа шабандоздарға ұсталып қалдым. Сондықтан мәреде бар күшімді салдым. Өткен аптада ауырып, суық тиіп, физикалық мүмкіндіктерімді толық білмегендіктен, бұл жақсы нәтиже деп ойлаймын, әсіресе. Көрсеткен нәтижеме және командаға тағы бір жеңіс тұғырын сыйлағаныма өте қуаныштымын!", - деді Самуэле Баттистелла.

. Екінші нәтиже TotalEnergies компаниясынан француз Пьер Латурға тиесілі.

 "UAE Team Emirates" командасының бельгиялық шабандозы Тим Велленс кезең жеңімпазы атанды. Екінші орын "TotalEnergies" командасының шабандозы, француз Пьера Латурға бұйырды.

 "Андалусия Вуэльтасы",  3-кезең

Alcalá de Guadaira — Alcalá de los Gazules. 161 шақырым

1. Тим Велленс (Бельгия, "UAE Team Emirates") — 3:47:12;

2. Пьер Латур (Франция, "TotalEnergies") — +0:14;

3. Самуэле Баттистелла (Италия, "Астана") — +0:15.

Бүгін елордалық велоұжым спортшылары көпкүндіктің 4-кезеңінде өнер көрсетуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу