Андре Букия: "Маусымды жақсы аяқтағымыз келеді"

2885

"Қайсар" командасының конголық легионері 33-турда жеңіске жетеміз дейді. 

Андре Букия: "Маусымды жақсы аяқтағымыз келеді"

"Қайсар" биыл Қазақстан кубогының иегері атанды. Енді келер маусымда Еуропа лигасында ойнайды. Дегенімен, осы жеңістен кейін қызылордалық команданың ішкі біріншіліктегі ойыны Сыр өңірінің жанкүйерлерінің наразылығын тудыртты. "Қайсар" командасы 32-турда сырт алаңда "Таразға" 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Осы ойыннан соң "Қайсардың" конголық жартылай қорғаушысы Андре Букия өз ойымен бөлісті. 

– Өкінішке орай Таразда жолымыз болмады. Шынайы көгалдың да әсері болу керек алаңда ойынымыз жүрмеді. Алаң иелері біздің бір аптада екі ойын өткізгенімізді пайдаланып кетті деуге болады. Маусым аяқталуға небәрі бір ғана ойын қалды. Таразда ұпай жоғалтқанымызбен өз алаңымызда жеңіске жетеміз деген ойдамын. Маусымды жақсы аяқтағымыз келеді, - дейді Андре Букия. 

Ойынның 30-минутында Андре гол салып, таразы басын теңестірген еді. Алайда, оның голынан "Қайсар" ұпай ала алмады. Себебі, "Тараз" қорғаушысы Бекзат Шадманов баспен гол салып, жеңісті жамбылдықтар тойлады. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу