Андрей Голубев мансабында алғаш рет Indian Wells турнирінің жартылай финалына шықты

1491

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан турнирде жұптық сайыс бойынша жартылай финалға шықты.

Андрей Голубев мансабында алғаш рет Indian Wells турнирінің жартылай финалына шықты

Ширек финалда қазақстандық неміс Александр Зверевпен бірге жергілікті теннисшілер - Тейлор Гарри Фриц / Томми Полдан басым түсті. Қорытынды есеп 6:4, 7:6 (3). Матч 1 сағат 29 минутқа созылды.

Шешуші кездесуге шығу үшін Голубев пен Зверев Джон Иснер/Джек Сок - Фелисиано Лопес/Стефанос Циципас жұптары арасында өтетін кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.

Айта кетейік, 10-наурыз басталған турнир 22-наурызға дейін жалғасады. Финалдық кездесулер 21-наурызға жоспарланған. Жұптық сайыстармен қатар жекелей жарыстардың да ширек финалистері анықталды. 1/8 финалда испаниялық Рафаэль Надаль АҚШ өкілі Рейлли Опелкадан 7:6, 7:6 есебімен басым түсті. Польшалық Хуберт Хуркачты жеңген ресейлік Андрей Рублев те ширек финалға жолдама алды. Сондай-ақ ¼ финалда Григор Димитров, Кэмерон Норри, Карлос Алькарастар өнер көрсетеді. Ерлер арасында өтіп жатқан Мастерс – 1000 санаттағы жарыстың жүлде қоры 8 584 055 долларды құрайды. Жеңімпаздар сыйақымен қатар 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

WTA, ATP және ITF-тің бірлескен шешімімен ресейлік және беларуссиялық теннисшілер бұл сайыста енді ұлттық тумен және өз елінің белгісімен өнер көрсете алмайды. Соған қарамастан, барлық ойыншыларға жарысқа қатысуға рұқсат етілген және барлығы бас жүлде үшін күресе алады. 
 
Индиан-Уэллсте өтіп жатқан ірі додаға еліміздің атынан бірқатар теннисшілер өнер көрсеткен болатын. Өкінішке орай ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик үшінші кезеңнен әрі аса алмады. Ол 16 наурыз күні болгариялық Григор Димитровқа 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. 
 
Ал әйелдер арасында Елена Рыбакина 1/8 финалда швейцариялық Виктория Голубичті 7:6 (5), 6:2 жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 
 
Ермұхамед Мәулен
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу