Андрей Карпович Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстады

1509

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды.

Андрей Карпович Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстады

Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын.

Карпович өзінің клубтық мансабында "Елім-ай", "Ертіс", "Қайрат", "Локомотив", "Ордабасы", "Шахтер", "Атырау", "Алтай", сондай-ақ, ресейлік "Ростсельмаш" және мәскеулік "Динамо" командаларында ойнады. Ал бапкерлік мансабын "Қайрат" жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл "Оқжетпесті" жаттықтырды. 2021 жылдың басынан "Қызыл-Жардың" бас бапкері.

Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.

Ал бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Талғат Байсуфиновтың өкілеттілігі Қазақстан футбол федерациясы басшылығының шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстан футбол федерациясы Талғат Маруаұлының атқарған қызметі үшін алғыс айтып, алдағы кәсіби мансабында табыс тіледі.

Айта кетейік, Талғат Байсуфиновтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен екі рет (1:1 және 2:2), сондай-ақ Босния және Герцеговинамен (2:2) тең дәрежеде ойнаған болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу