Андрей Скабелка - "Барыстың" бас бапкері

1462

Беларуссиялық маманмен келісім-шарт 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін, екі маусымға жасалды.

Андрей Скабелка - "Барыстың" бас бапкері

Бапкердің соңғы жұмыс орны Ярославль қаласының "Локомотив" командасы болды. Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. "Барыс" 2018/19 жылғы маусымда Скабелканың жетекшілігімен ұпай саны бойынша тұрақты маусым тарихында үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар елордалық ұжым Чернышев дивизионын екі рет жеңіп, Гагарин кубогінің Шығыс конференциясының жартылай финалына екі рет шықты. "Барыс" биылғы маусымда да маманның Қазақстанға оралуы бұрынғыдан кем нәтиже бермейді деп күтеді. Келесі маусымда клуб қазақстандық жас ойыншыларға басты назар аудармақ.

Жақын арада Скабелка клуб басшылығымен бірлесе отырып жаттықтырушылар штабы мен алдағы маусымға "Барысты" да жасақтамақ. Ал елордалық хоккей клубының баспасөз қызметі бұған дейін бас бапкер қызметінде болған Юрий Михайлиске алғыс білдірді. Ол ҚХЛ-дағы клубпен ғана емес, әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасымен де жұмыс істеген.

"Барыс" хоккей клубы Юрий Михайлиске және оның барлық жаттықтырушылар құрамына командаға қосқан елеулі еңбегі үшін алғыс білдіреді. Мамандар екі маусым бойы негізгі құрамда лайықты еңбек етіп, клубымыздың дамуына зор үлес қосты. Юрий Владимировичке және жаттықтырушыларға алдағы мансабында табыс тілейміз және барлық мақсаттарына жетуге тілектеспіз!", – деп жазды "Барыс" ХК баспасөз қызметі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу