Андрей Тихонов: "Алдағы уақытта команданы жасартатын боламыз"

1222

Андрей Тихонов "Астана Ж" командасынан бес ойыншыны негізгі командаға шақырды.

Андрей Тихонов: "Алдағы уақытта команданы жасартатын боламыз"

"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов "Тобылмен" (1:0) болған матч жайлы өз пікірімен бөлісіп, бапкерлік амбициясы, жарақат алған ойыншылар, жастардың болашағы туралы айтты.

- Сіздің басшылығыңызбен команда алғашқы ойында "Тобылды" жеңді (1:0). Бұл жеңіс команда үшін және сіздің жеке басыңыз үшін қаншалықты маңызды болды?

- Кез-келген жеңіс команда үшін маңызды. Сонымен қатар матч алдында біз "Тобылдан" екі ұпайға артта келе жаттық. Жігіттер мүмкін болған нәрсенің бәрін жасады. Біз қолымыздан келгенін жасадық, физикалық тұрғыдан жақсы көріндік. Матчта жолымыз болды. Сәтсіз тұстар да көп болды. Өйткені көпшілігі өз позицияларында ойнаған жоқ. Біз қорғаныста жақсы ойнадық. Бірақ шабуыл жетіспеді. Сонымен қатар бізде көптеген жарақат алған ойыншылар бар. Бұл өз құрамаларынан қайта оралған футболшылар. Кеше біздің қосалқы құрамда тек Пиерос болды. Бірақ оның жарақаты бар еді, және бізбен бірнеше күн ғана жаттықты. Ол алаңда 15 минут ойнап, тағы жарақат алды. Біз оны кем дегенде екі аптаға жоғалттық. Әрине, жағдай қиындады.

- Команданың орындауында қандай футбол түрін көргіңіз келеді? Қазір көптеген адамдар "Спартак" клубының стилі туралы айтады.

- Кез-келген стильде ойнауға болады. Ең бастысы команданың жеңісі. Біз бұрын "Астанада" болған жақсы футбол ойнағымыз келеді. Белгілі бір стильге ие болу үшін сіз оған лайықты ойыншыларды таңдауыңыз керек. Қазір бұған қолайлы уақыт емес. Өзіндік стиль құру үшін біраз уақыт керек.

Ойын барысында "Тобыл" кейбір сәттерде жақсы ойнаған шығар. Олардың 100% мүмкіндігі болды деуге болмайды. Біз бұл команданың қорғаныста жақсы ойнайтынын, қысымды да жақсы жасайтынын және бізде жоқ жақсы ойыншылары бар екенін білдік. Себебі ойыншылар әр түрлі жағдайда. Кейбір ойыншылардың айтуынша, олар соңғы рет жыл басында оқу-жаттығу жиынында осындай жаттығулар жасаған. Бұл көңілге қонбайды. Мен түсінемін, пандемия, карантин, "Астананың" стадионы жөндеуде, жаттығатын жер болмады. Мұның бәрі әсер етеді. Команда құрамында тәжірибелі футболшылар өте көп. Егер бәрі жақсы болса, біз команданы жасартамыз. Кеше ойнаған ойыншыларға ешқандай шағым жоқ. Олар төтеп берді, тіпті өз жасына лайықты ойын көрсетті.

- Жастардың болашағы туралы не айта аласыз? Жас ойыншылардың ойнауға мүмкіндігі бар ма?

- Барлығы өздеріне байланысты. Біз оларды жаттығуда бақылай аламыз: олардың ойыны қалай, командадағы қарым-қатынасы, тәртібі, ал қалғанын - футбол алаңында көретін боламыз.

- Василий Уткин Қазақстанға көшу сіздің мақсаттарыңызға үлкен соққы болады деп айтты. Сіз мұнымен қаншалықты келісесіз және сіздің команданы жаттықтырудағы мақсатыңыз қандай?

- Қазір барлығы футбол туралы айтады. Уткин футболда өте ұзақ уақыт болды. Ол өз пікірін білдірді. Мен кейбір мақалаларды оқимын, сонымен қатар өз пікірлерімді білдіремін. Бұл олардың құқығы. Әр адамның өзіндік амбициясы бар. Сіз өз ойыңызды айта аласыз. Бірақ мен мұнда жеңу үшін келдім. Осы мақсатымды орындауға тырысамын. Клуб басшылығы не істеп жатыр, мен соны құптаймын. Команда үшін барлығы жасалуда. Тек ойыншыларды біріктіру қалды - бұл нәрсе клубта ешқашан болмаған.

- Алда "Оқжетпеспен" және "Қайратпен" болатын матчтар бар. "Қайратқа" қарсы матчта жанкүйерлерді не күтіп тұр?

- Біз "Қайрат" туралы емес, қазір "Оқжетпес" туралы ойланамыз. Тағы да, бізде жарақат алғандарға қатысты үлкен мәселелер бар. Сондықтан, бар ойымыз келесі матчта.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу