Андрей Тихонов: "Қақпамызға маусым бойы соғылмаған голдар соғылды"

1962

Екі гол айырмасымен алда тұрған елордалық клуб өз қақпасына төрт бірдей гол жіберіп алды.

Андрей Тихонов: "Қақпамызға маусым бойы соғылмаған голдар соғылды"

"Астананың бас бапкері Андрей Тихонов КуПС-пен өткен матчтың нәтижесі туралы пікір білдірді.

- Сіз бұл нәтижені ауыр соққы болды деп атай аласыз ба?

- Мен үшін, иә. Сонымен қатар клуб үшін алаңдайтын барлық адамдар, жанкүйерлер де солай ойлайтын шығар. "Астананы" жамандаған кейбір басылымдар үшін бұл жағдай көңілді болып көрінер.

- Жеңілістің себебі неде? Мүмкін команда босаңсып қалған шығар?

- Команда босаңсымады. Біз гол соқтық. Алайда көп уақыт өтпей гол жіберіп алдық. Сол уақытта психологиялық мәселе туындады. Финдердің жоғалтатын ештеңесі жоқ. Олар тек шабуылға шықты. Стандартты жағдайларда бұрын-соңды мұндай мәселелердің болғаны есімде жоқ. Абзалды итеріп жіберді. Содан соң тайғақ алаң әсер етті. Төрт гол соғып, жеңіске жете алмау деген өте нашар нәтиже және ұят нәрсе. Бірақ мен қайталап айтамын, бұл ортақ нәтиже және мен ешкімді кінәламаймын. Футболшыларымыз барын салып, соңына дейін күресті. Бірақ кейде қақпаға болмашы голдар кіріп кетеді. КуПС іс жүзінде қауіпті сәттер ұйымдастырған жоқ. Ал біздің командада Эбонгтың тепкен тобы қақпа маңдайшасына тиді, Бечирай баспен гол соға алмады. Өкінішті әрине, бәрі өз қолымызда еді.

- Мүмкіндіктерді пайдаланбау "Астананың" сенімін жоғалтты ма? Мысалы, Фатос Бечирай мүмкіндік болғанда гол соға алмады.

- Егер шабуылшы қақпашымен бірге-бір шықса, онда ол гол соғуы керек деп ойлайсың. Бірақ бұл жерде тамаша ойнайтын қақпашы да бар. Эбонгтың добы маңдайшаға тиді. Қайталап айтамын, біздің қақпамызға басқа матчтарда соғылмайтын голдар еніп кетті. Мен бұл сұраққа қалай жауап беремін? Біз мүмкіндіктер бола тұра, гол соқпадық. Ал олар қауіпті сәттер ұйымдастырмай-ақ гол соқты. Мұны қалай түсіндіруге болады? Доп Абзалдың басына тиіп, өз қақпамызға кірді ме? Немесе он бір метрлік нүктеден қарапайым пас асырылады. Сол сәтте Дима Непогодов қол қусырып қарап тұрды ма? Мұны қалай түсіндіруге болады? Менің ойымша, бұл жағдайларды түсіндіру мүмкін емес.

- Эуженио алаңға неге кеш шықты?

- Шындығында, Педро қапталда ойнайтын жартылай қорғаушы және ол бүгінгі матчта өз позициясында ойнаған жоқ. Томасов пен Барсегян қапталда жақсы көрінді. Мүмкін, мен оны кеш шығарып, қалған екеуін ерте ауыстырған шығармын. Қуатта сары қағаз болды, ал Абат шаршап қалды. Бірақ бәріміз кінәліміз. Көп шабуылдап, әдемі голдар соқтық, алайда жеңіліп қалғанымыз өкінішті. Біз мұндай нәтижеге лайық емес едік.

- Мұндай ауыр жеңілістен кейін ойыншылардың мотивациясын қалай сақтап қалуға болады? Себебі алда кубок пен чемпионаттағы матчтар бар.

- Осы аптада біз негізгі құраммен Ақтөбеге ұшамыз. Бізді өзімізден басқа ешкім жеңе алмайды. Әрине, қиын. Қай қалаға келсек те, бізге жанкүйерлер қарсы тұрады. Ал біздің стадионға жанкүйерлерді кіргізбейді, ешкім қолдамайды. Иә, кез-келген адамды кінәлауға болады. Мысалы, төрешіні немесе жанкүйерлердің жоқтығын. Сіз кінәні кез келген адамға арта аласыз. Бірақ, өзіміз кінәліміз. Команданың рухын көтеріп, алға қарай жүруіміз керек. Қазақстан Кубогінде әлі топтан шыққан жоқпыз және бізге жеңіс қажет. Сондықтан алдағы матчтарда негізгі құраммен ойнаймыз.

- Матч аяқталған соң командамен сөйлесе алдыңыз ба?

- Жігіттермен сөйлестік. Менің сөздерім оларға жетті деп ойлаймын. Ертеңіне Ақтөбеге кететінімізді айттым. Егер келесі кезеңге өтсек, онда бұл ойын кейінге шегерілетін еді. Кешегі ойын жайлы сөйлесеміз. Біз жасай алатын және жүзеге асыратын мүмкіндіктерді ескерсек, жеңіске жетуге болады. Бүгінгі болған қателіктер команда үшін де, жанкүйерлер үшін психологиялық сынақ болды. Бірақ мұның барлығын артта қалдырып, әрі қарай жүруіміз керек.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу