Андрей Тихонов: "Мүмкіндік 50-де 50"

1248

Бүгін, 29 шілдеде "Астана", "Тобыл" және "Шахтер" футбол клубтары Конференция лигасында жауапты матчтарын өткізеді.

Андрей Тихонов: "Мүмкіндік 50-де 50"

Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де "Шахтер" - "Стяуа", 21:00 "Тобыл" – "Хайдук", ал түнгі 00:30-да "Астана" - "Арис" командалары ойнайды. Осыған байланысты "Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов "Ариспен" ойын алдындағы пікірімен бөлісті. 

"Ойынға дайындалудамыз. Біз алты сағаттық қиын жолды еңсеріп келдік, оған қоса үйреншікті уақытымыз үш сағатқа артқа өзгерді. Сонымен қатар, футболшыларға физикалық тұрғыда қиын болады: +38 градус ыстық. Дегенмен ертең жігіттердің әлеуеті жақсы болады деген сенімдеміз, себебі олар бұл ойынның қаншалықты маңызды екенін біледі. Оған қоса, стадионға 10 мың жанкүйер келеді деп күтілуде, сондықтан "Ариске" үлкен қолдау білдіреді. Және біз Грекияда өздерінің клубтарын қалай қолпаштайтынынан хабардармыз. Бізді қиын ойын күтіп тұр. Алайда біз жеңіс үшін ойнайтын боламыз", - деді елордалық клубтың бас бапкері.

Бұдан бөлек грекиялық журналистер де өз сауалдарын қойып, "Астананы" осы ойында фаворит пе деп Андрей Тихоновтан сұрады.

"Мен бұлай айта алмас едім. Бұл жерде 50 де 50 деп есептеймін. Өйткені "Арис" — өте жақсы команда. Бірінші матчта да олардың гол соғатын сәттері болды. Ал біз жайлы айтар болсақ, бізге оңайға соқпайды. Тағы да қайталаймын, мүмкіндік 50 де 50", - деп толықтыра кетті Тихонов.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы матчтарда "Шахтер" 0: 1, "Тобыл" 0: 2 есебімен қарсыластарынан жеңілсе, "Астана" 2: 0 есебімен "Аристен" басым түскен болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу