Андрей Тихонов: "Орталық алаңда Макс Эбонгтың жоқтығы қатты білінетін болды"

1587

Бүгін, 5-тамыз күні елордалық "Астана" футбол клубы Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда финляндиялық КуПС-пен кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Андрей Тихонов: "Орталық алаңда Макс Эбонгтың жоқтығы қатты білінетін болды"

"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында КуПС-пен ойын алдындағы ой-пікірімен бөлісті.

- Ойынға толықтай дайын болып шығамыз. Әлбетте, қарсыласымыз оңай шағылатын жаңғақ емес: "Ариспен" салыстырғанда олар мүлдем бөлек футбол ойнайды, бірақ олар да жылдам ойнағысы келеді, оған қоса физикалық тартыстарға көп барып, қысым көрсеткенді жақсы көреді. Ертең қызықты матч болады, бұл қарымды қарсылас. Біздің жігіттер "Аристі" жеңгеннен кейін өздерінің жеңісті жігерлерін қалпына келтіріп алды.

Сонымен қатар, біздің құрамда мәселелер туындады - бұл Эбонгтың жоқтығы, ол бұлшық етін ауырсынғандықтан, елде қалдырып кеттік, денсаулыққа баса назар аударған жөн, себебі алда ойындар көп. Біз жылы жақтан, суық ауа-райына ауыстық, дегенмен мұнда жақсы алаң мен үлкен стадион бар.

- КуПС нағыз өзінің емес, нейтралды стадионда ойнайтынын есептегенде, қос командаға бірдей жағдайда ойнауға мүмкіндік береді деуге болады ма?

- Бұлай айту қиындау. Бәрібір, егер біз өзге елде ойнайтын болсақ, тіптен Қазақстанның басқа қаласында ойнасақ, бұны үйде ойнап жатқандай қабылдайтынбыз. Иә, матч айтарлықтай үлкен көлемді көрерменмен өтпейді, алайда олар өзінің отанында ойнайды, сондықтан, психологиялық басымдық оларда. Соңына ойнап, тырысып бағатын боламыз.

- Барлығына қызықты сұрақ, Марин ойнай ала ма? Өзін қалай сезінуде?
- Марин дайын. Ол Грекияда ойнай алмағанымен, қазір дайын, бізбен жаттығуға қатысты және ойнайтын болады. Біздегі жалғыз қиындық болып тұрған - бұл Макс Эбонг. Орталық алаңда ойынды жүргізуге - оның жоқтығы білінетін болады.

Айта кетейік, "Астанадан" бөлек бүгін Қостанайдың "Тобылы" 22:00-де елордада "Жилинаны" қабылдаса, қарағандылық "Шахтер" 23:55-те қонақта украиналық "Колоспен" кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу