Андрей Тихонов пен Тигран Барсегянға жаза тағайындалды

1131

Футболшы бір айға, бапкер екі жылға ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыруымен өтетін ойындардан шеттетілді.

Андрей Тихонов пен Тигран Барсегянға жаза тағайындалды

27 қазанда ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті. Отырыста Olimpbet-Қазақстан Чемпионатының 25-туры аясында "Қайрат" – "Астана" арасында өткен матч талқыланды.

Көрермендерге қатысты жөнсіз әрекет істегені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес "Астана" командасының ойыншысы Тигран Барсегян бір айға ойындардан шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.

Команданың мінез-құлқы үшін және "Fair Play" қағидасын бұзғаны үшін, ойыншылардың матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кетуі, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытқаны үшін Тәртіптік ереженің 53-бабына сәйкес "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихонов ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыратын жарыстардан жиырма төрт айға шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.

Ал "Астана" клубының бас бапкері Премьер-лиганың 25-ші туры аясында "Қайратпен" болған матчта алаңды өз еркімен тастап кетуіне байланысты ҚФФ Тәртіптік комитетінің шығарған үкіміне қарсы екендігін жеткізді. Айта кетейік, ресейлік маман осы әрекеті үшін екі жыл бойы ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыруымен өтетін матчтарға қатыса алмайды

"Мен бұл шешімнің қандай негізде қабылданғанын түсінбеймін. Ешқандай іс қозғалған жоқ. Мені ешқайда шақырмады және ешкім тыңдамады. Екі жылға ойыннан шеттету заңды нәрсе ме? Тәртіптік қаулыларда мұндай ұзақ мерзімді жазаны қарастыратын баптар бар ма? Тағы да қайталаймын, алаңнан кету туралы шешімді команда қабылдады. Мен жай ғана жігіттермен келістім", – деді Тихонов.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу