Осы нәтиже арқылы Англия құрамасы 2026 жылғы мундиальдың келесі кезеңінде доп теппек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесудің алғашқы бөлігінде ағылшындар ойында белсенді болды. Команданың жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем небәрі екі минуттың ішінде, яғни 36 және 38-минуттарда 2 рет мергендік танытып, құрамасын алға шығарды. Десе де, үзіліске дейін Мексика сапынан Хулиан Кинонес бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Екінші тайм басталғаннан кейін Англия үшін жағдай күрделене түсті. 54-минутта қорғаушы Джарелл Куанса қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан, сан жағынан аз қалған ағылшындар шабуылын тоқтатпады. Алты минуттан соң Харри Кейн пенальтиді мүлт жібермей, есепті 3:1-ге жеткізді.
Бірақ, Мексика құрамасы мұнымен берілмеді. 69-минутта Рауль Хименес пенальтиден дәл соққы жасап, команданың үмітін қайта оятқандай әсер қалдырды. Дегенмен, кездесудің қалған уақытында есеп өзгермей, Англия жеңісті сақтап қалды.
Осылайша, матчтың басым бөлігін 10 футболшымен өткізген Англия құрамасы мінез танытып, әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Келесі кезеңде ағылшындарды Норвегия құрамасына қарсы тартысты кездесу күтіп тұр.