Англия Коста-Риканы 3:0 есебімен ойсырата жеңді

92

Бұл матч Англияның 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындығының бір бөлігі болды.  

Англия Коста-Риканы 3:0 есебімен ойсырата жеңді Фото: tribuna.uz

Англия ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына дайындық аясында Коста-Рикамен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ойын АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласындағы Inter&Co стадионында өтіп, Англия құрамасының 3:0 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.

Кездесуде голдарды Деклан Райс (9-минут), Энтони Гордон (68-минут, пенальти) және Олли Уоткинс (87-минут) соқты.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Англия құрамасы L тобында Хорватия, Гана және Панама командаларымен бірге өнер көрсетеді.

Томас Тухель баптайтын ағылшындар турнирдегі алғашқы ойынын 18 маусымға қараған түні Қазақстан уақыты бойынша Хорватияға қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу