Анна Данилина Аделаида турнирінің ширек финалына шықты

328

Небәрі 48 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина мен Хромачева 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ.

Анна Данилина Аделаида турнирінің ширек финалына шықты Фото: КТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Ол ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жаңа жылдағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық-ресейлік дуэт аустралиялықтар Габриэлла Да Силва Фи мен Оливия Гадекиді 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Анна Данилина мен Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Эшлин Крюгер мен Джессика Пегуламен таласады. Бұл жұп жарыстың 1-ракеткалары, тайбэйлік Се Шувэй – латвиялық Елена Остапенконы ұтып кетті – 6:3, 7:5.

Бүгін Аделаида ATP 250 турнирінде Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик рейтингіде 55-орында тұрған сербиялық Миомир Кецмановичке есе жіберді – 4:6, 2:6.

Сондай-ақ, осы додада жұптық сында Александр Недовесов нидерландтық Робин Хасемен бірге тартысты матчта чехиялықтар Петр Ноуза – Патрик Риклден ұтылып қалды – 6:1, 6:7 (13:15), 7:10.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу