Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

303

Бірінші партияда фавориттер 6:4 есебімен басым түсті.

Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші аралас сында АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Алда Анна Данилина – Харри Хелиоваара ширек финалға шығу үшін испаниялық Кристина Буча – Йоран Флигенмен таласады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қазақстандық спортшы финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге алғашқы айналымда жарыстың бірінші ракеткалары, канадалық Габриэла Дабровски – ұлыбританиялық Джо Солсберимен бетпе-бет келді.

Екіншісінде қазақстандық-финляндиялық жұп тай-брейкте таразы басын өздеріне аударды – 7:6 (7:5). Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8. Бір сағат 38 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Дабровски – Солсбери 4 эйс, 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Анна Данилина – Харри Хелиоваара ширек финалға шығу үшін испаниялық Кристина Буча – Йоран Флигенмен таласады.

Өткен жылы осы додада Данилина – Хелиоваара жеңімпаз атанған болатын.

А.Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жұптық сында да жарысты жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу