Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің финалына шықты

255

Биылғы маусымда қазақстандық теннисші 6 мәрте финалға шығып отыр. 

Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің финалына шықты Фото: © AP Photo / Thibault Camus

Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 сериясындағы турнирдің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич чехиялық Анастасия Децюк / Мириам Шкох дуэтін сенімді түрде 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды. Енді финалда қазақстандық – сербиялық жұп қытайлық Тайбэй өкілі Чжань Хаоцин / қытайлық Синью Янь дуэтімен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Анна жұптық сында Истборн турнирінің чемпионы атанды (Мария Боузковамен бірге), сондай-ақ Мерида, Лондон және Ноттингем турнирлерінде финалға шыққан.

Бұған қоса, дәл осы Александра Круничпен бірге Францияның Ашық чемпионатының финалына дейін жеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу