Анна Данилина Беларусь өкілі Ирина Шимановичпен бірге жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген еді. Қазақстандық-белоруссиялық жұп финалда доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанмен бас жүлдені сарапқа салды.
Матч аса тартысты өтті. Бірінші партияда Анна мен Ирина 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте қарсыластары есе қайырды – 7:6 (10:8). Супер тай-брейкте Анна Данилина мен Ирина Шиманович жеңісті жұлып алды – 10:7. Осылайша, Данилина биылғы бірінші титулына қол жеткізді.
Өкінішке орай Гөзал Айнитдинова жарыс жолынан шығып қалды. Ол жекелей сында әлемнің 170-ракеткасы, франциялық Хлоэ Пакеге жол берді - 6:7 (3:7), 0:6. Жұптық сында ресейлік Екатерина Маклаковамен бірге ресейліктер Виктория Дьяченко - Анастасия Тихоновадан ұтылды - 6:7 (5:7), 3:6.
Жібек Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге тартысты матчта доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанға есе жіберді - 3:6, 6:4, 3:10.