Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Australian Open-2026 турнирінде сенсация жасады. Ширек финалда Данилина/Крунич дуэті Катерина Синякова (Чехия) / Тейлор Таунсенд (АҚШ) тендемін жеңіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Кездесу қазақстандық-сербиялық жұптың айқын басымдығымен басталды. Алғашқы сет небәрі 31 минутта 6:2 есебімен аяқталды. Екінші партияда қарсыластар ойын тізгінін қолға алып, сеттер есебін теңестірді – 3:6. Алайда шешуші үшінші сетте Данилина мен Крунич нағыз үстемдігін көрсетті. Олар бұл кезеңді 6:0 есебімен ұтып, фавориттерге еш мүмкіндік қалдырмады.
Айта кетейік, Катерина Синякова жұптық сындағы әлемнің бірінші ракеткасы, мансабында "Үлкен дулыға" турнирлерінің 10 титулын жеңіп алған, екі дүркін Олимпиада чемпионы және WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы. Оның серіктесі Тейлор Таунсенд те бұрын жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы болған және "Үлкен дулыға" турнирлерінің екі мәрте жеңімпазы атанған.
Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалында Анна Данилина мен Александра Крунич Габриэла Дабровски (Канада) / Луиза Стефани (Бразилия) жұбымен кездеседі.