Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

133

Қазақстандық спортшы мансабында екінші мәрте Үлкен дулыға турнирінің финалында сынға түспек. 

Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

Анна Данилина Australian Open турнирінде сербиялық Александра Круничпен жарыстың финалына шықты.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич турнирге бесінші нөмірмен тіркелген канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефани жұбын үш сетте жеңді – 7:6 (7:2), 3:6, 6:4.

Бұл – Анна мен Александраның Үлкен дулыға турнирлеріндегі екінші бірлескен финалы. Бұған дейін олар Франция ашық чемпионатының финалына дейін жеткен.

Анна мен Александраның шешуші матчтағы қарсыластар кейінірек белгілі болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу