Анна Данилина Аустралиядағы жарыстың финалынан тыс қалды

298

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Аделаида WTA 500 турнирінің финалына шыға алмай қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анна Данилина Аустралиядағы жарыстың финалынан тыс қалды Фото: olympic.kz

Ол ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жартылай финалда бразилиялық Беатрис Хаддад Майя – германиялық Лаура Зигемундпен соңғы бәсекенің жолдамасын сарапқа салды.

Бірінші партияда бразилиялық-германиялық дуэт басымдылық танытты – 6:2.

Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте Данилина – Хромачева брейк жасап кетті – 7:5. Алайда супер тай-брейкте қарсыластары сәтті ойнады – 10:7.

Бір сағат 54 минутқа созылған тартысты матчта қазақстандық-ресейлік жұп 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Хаддад Майя – Зигемунд 1 эйс, 2 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу