Ол ресейлік Ирина Хромачевамен бірге ширек финалда америкалықтар Эшлин Крюгер – Джессика Пегуламен кездесуі керек еді.Алайда америкалық жұп матчқа келмей қалды да, Данилина – Хромачева жұбы бірден жартылай финалға өтті.
Қазақстандық-ресейлік жұп финалға шығу үшін бразилиялық Беатрис Хаддад Майя – германиялық Лаура Зигемундпен таласады.
Олар ¼ финалда тартысты бәсекеде америкалық Дезире Кравчик – мексикалық Джулиана Олмосты жолдан тайдырды – 5:7, 6:4, 13:11.
Бір апта бұрын А. Данилина – И. Хромачева жұбы Брисбен WTA 500 жарысының ширек финалына дейін жетіп, онда жапониялықтар Суко Аояма – Эри Ходзумиге есе жіберген еді – 0:6, 4:6.