Ол қытайлық Сюй Ифаньмен бірге ширек финалда ұлыбританиялық Оливия Николлс – франциялық Диан Парримен ойнады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық-қытайлық жұп 1 сағат 41 минутқа созылған тартысты матчта 7:6 (4), 7:5 есебімен ұтты. Олар 4 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Николлс – Парри 5 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Анна Данилина – Сюй Ифань финалға шығу үшін тайбэйлік Хао-Чин Чань – ресейлік Вероника Кудерметовамен таласады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу