Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші Анна Данилина америкалық Дезире Кравчикпен бірге жұп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар алғашқы айналымда жапониялық Суко Аояма және қытайлық Тайбэй өкілі Энь Шо Лянмен ойнаған.
Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытса, екінші сет те дәл осындай есеппен жеңіске жетті.
Анна Данилина мен Дезире Кравчик ширек финалға шығу үшін жаңазеландиялық Эрин Рутлифф – индонезиялық Алдила Сутджиадимен шеберлік сынасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу