Анна Данилина мен Александра Круничтен құралған қазақстандық-сербиялық жұп Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Екінші айналымда олар П. Плипыч пен Р. Бхосале тандемін сенімді түрде жеңді. Матч 6:3, 7:6 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 44 минутқа жалғасты.
Алғашқы сетте Данилина мен Крунич ойын тізгінін толық қолына алды. Екінші партияда қарсыластар есепті тай-брейкке дейін жеткізді. Алайда шешуші сәттерде қазақстан-сербиялық дуэт салқынқандылық танытып, кездесуді екі сетте жеңіспен түйіндеді.
Енді жартылай финалға шығу үшін Анна мен Александра Людмила Киченок – Дизайр Кравчик жұбына қарсы ойнайды.