Анна Данилина Франция ашық чемпионатының жартылай финалына шықты

251

Данилина Ролан Гарроста сербиялық Александра Круничпен 148 мың еуро табыс тауып үлгерді. 

Анна Данилина Франция ашық чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші ширек финалда Александра Круничпен бірге "Үлкен дулыға" жарысының 1-ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова – америкалық Тэйлор Таунсендке қарсы кортқа шықты. 

Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық дуэт 7:5 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте Синякова – Таунсенд есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші партияда Данилина – Крунич 4:0 есебімен алға кетті. Ақыры қазақстандық теннисші матчқа доп бергенде, нүкте қойды – 6:2.

Осылайша, сенсациялық жеңіске қол жеткізген Анна Данилина – Александра Крунич жұбы финалға шығу үшін норвегиялық Эйкери/жапониялық Эри Ходзумимен ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу