Анна Данилина Германиядағы турнирде жеңіске жетті

1894

Қазақстандық Анна Данилина голландиялық Арианна Хортономен бірге Германияда өткен ITF W100 сериялы турнирінде жеңіске жетті.

Анна Данилина Германиядағы турнирде жеңіске жетті

Данилина мен Хартоно жүлде қоры 100 000 долларды құрайтын Германиядағы турнирде алғаш рет бірге ойнағандарына қарамастан турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелді. Қазақстандық-голландиялық жұп әлемдік рейтингте жоғары орындарға ие болғандықтан, автоматты түрде екінші айналымға өтті. Содан кейін Данилина мен Хортоно ширек және жартылай финалда қарсыластарымен сенімді түрде күресті. Ширек финалда Кьяра Шолль (АҚШ) / Тамара Курович (Сербия) жұбын – 6:1, 7:5, ал жартылай финалда Эмили Эпплтон (Ұлыбритания) / Пратана Томбаре (Үндістан) – жұбын ұтты (6:3, 6:3).

Осылайша Анна мен Арианна финалға дейін жетті. Онда оларға Анкита Райна (Үндістан) / Розали Ван Дер Хук (Нидерланды) қарсы шықты. Кездесу үш сетке ұласып, 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен аяқталды. Нәтижесінде Данилина Германияда спорттық мансабындағы жұптық сайыстардағы 27-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның 26-сы Халықаралық теннис федерациясының (ITF) қолдауымен өткен турнирлер болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жыл Данилина үшін Сиднейдегі Premier сериялы турниріндегі жеңіспен басталды. Онда ол өзінің мансабында бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге WTA екінші титулын жеңіп алды. Содан кейін Данилина 2022 жылы Францияда украиналық Валерия Страховамен және Испанияда ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге ITF W60 сериясының екі турнирінің жұптық сайысында жеңіске жетті. Осылайша, бүгінгі жеңіс Данилина үшін маусымдағы төртінші жеңіс болды. Өткен жылы ол жұптық сайыста тоғыз турнирді жеңіп алған (1 WTA + 8 ITF) және ITF-тің алты турнирінде жеңісін тойлаған. Данилина 2011 жылдан бері әртүрлі дәрежедегі халықаралық турнирлерде барлығы 28 мәрте чемпион атанды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу