Анна Данилина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты

135

1-15 наурыз аралығында АҚШ-та WTA 1000 санатындағы беделді халықаралық Индиан-Уэллс турнирі өтуде. 

Анна Данилина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан беделді турнирдің жұптық бәсекесінде ширек финалға жолдама алды.

1/8 финалдық кездесуде Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен жұп құрып, украин-америкалық дуэт Людмила Киченок/Дезире Кравчикті сенімді түрде жеңді. Кездесу екі сетте  6:4, 6:1 есебімен аяқталды. 

Айта кетейік, бұған дейін Анна Данилина мен Александра Крунич Australian Open турнирінің финалына дейін жетіп, сондай-ақ Дохада өткен турнирде чемпион атанған болатын. Осы нәтижелердің арқасында қазақстандық теннисші WTA рейтингінде жұптық сында жетінші орынға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу