Анна Данилина Қытай ашық чемпионатын жеңіспен бастады

203

Анна Данилина жұптық сында әлемнің ең мықты теннисшілерінің бірі саналады. 

Анна Данилина Қытай ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Әлемдік рейтингте әйелдер арасында жұптық сында 13-орында тұрған Анна Данилина Бейжіңде өтіп жатқан Сhina Open WTA 1000 турнирін сәтті бастады. Қазақстандық теннисші бұл жарыста сербиялық Александра Круничпен (№35) бірге өнер көрсетуде. 

Алғашқы айналымда 30 жастағы Данилина мен 32 жастағы Круничке поляк қызы Магда Линетт пен даниялық Клара Таусон қарсы тұрды. Кездесу қазақстандық-сербиялық жұптың жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп – 6:4, 6:2.

Енді олар 1/4 финалға жолдама үшін америкалық Николь Меликармен (№17) және ресейлік Людмила Самсоновамен (№47) ойнайды.

Айта кетейік, Бейжіңдегі турнирдің жалпы жүлде қоры 8,96 миллион АҚШ долларын (4,87 миллиард теңге) құрайды.

Бұған дейін Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (№10) Бейжіңдегі осы турнирде жекелей сында күтпеген жерден жарысты ерте аяқтады. 1/16 финалда 26 жастағы Рыбакина неміс теннисшісі Ева Лиске есе жіберді. Екі сағат 16 минутқа созылған матч 6:3, 1:6, 6:4 есебімен Ева Листің жеңісімен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу