Анна Данилина Qatar open турнирінің чемпионы атанды

100

Дүйсенбі күні Анна Данилина жұптық сында әлемнің жетінші ракеткасы атанып, мансабындағы ең жоғары көрсеткішіне қол жеткізбек. 

Анна Данилина Qatar open турнирінің чемпионы атанды Фото: Qatar open

WTA 1000 санатындағы Катар ашық чемпионатының жұптық сындағы финалында Анна Данилина мен Александра Крунич Су Вей Си/Елена Остапенко жұбын 0:6, 7:6, 10:8 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық-сербиялық жұп турнирдің чемпионы атанды. 

Екінші сетте Данилина мен Крунич 2:5 есебінен кейін камбэк жасады. 

Данилина мен Крунич осы жеңістері үшін 195 мың АҚШ доллар (шамамен 96,3 миллион теңге) сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болды. 

Бұл қазақстандық-сербиялық жұптың биылғы маусымдағы екінші финалы. Олар бұған дейін Australian Open турнирінде де чемпиондық атақ үшін ойнаған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу