Анна Данилина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

269

Ширек финалдағы қарсыластары қалған кездесулердің қорытындысынан кейін анықталады. 

Анна Данилина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Фото: ҰОК

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Римде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы топырақ төсенішіндегі турнирдегі сәтті өнерін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екінші айналым матчында қазақстандық теннисші америкалық Эйжа Мұхаммадпен бірге ерік-жігер танытып, жеңіске жетіп, Италия ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық-америкалық жұптың қарсыластары ресейлік Ирина Хромачева мен мексикалық Джулиана Олмос болды.

Кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды. Алғашқы сетте жеңілген Данилина мен Мұхаммад кейін ойын тізгінін қолға алып, шешуші тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 3:6, 7:5, 10:7.

Матч барысында Анна мен Эйжа жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Сондай-ақ олар үш рет қос қателік жіберді. Қарсыластары төрт қос қателікке жол берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу