banner

Анна Данилина тағы да финалда

1508

Анна Данилина мен Анастасия Тихонова Мадридтегі турнидің бірінші ракеткалары болып тіркелді.

Анна Данилина тағы да финалда

Анна Данилина Мадридте өтіп жатқан ITF W60 сериялы турниріндегі жұптық сайыстың жартылай финалында ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге Таймеа Бабос(Венгрия) / Валерия Савиных (Ресей)  жұбын үш сетте 6:4, 3:6, 10:8 есебімен ұтты. Ертең Анна мен Анастасия азиялық дуэт Лу Цзя Цин (Қытай) / Ю Сяодиге (Жапония) қарсы ойнайды.

Отандасымыз үшін бұл соңғы 10 күндегі екінші финал. Анна қазіргі таңда жұптық сайыста WTA рейтингінде 21-ші орында тұр. Бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы үздік нәтиже.

Ал Андрей Голубев Германияның Галле қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында өнер көрсетті. Ол аргентиналық серіктесі Максимо Гонсалеспен жұптасып хорватиялық-америкалық дуэт Иван Додиг - Остин Крайчекке қарсы ойнап, жеңіліс тапты. Бір сағат 29 минутқа созылған кездесу екі сетте 6:7, 2:6 есебімен аяқталды. Айта кетейік, кездесу Германияда өткен турнирдің ширек финалдық кезеңінде өтті.

Сонымен қатар АҚШ-тың Канзас штатындағы Вичита қаласында қазақстандық Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев өнер көрсетуде. Бұл жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын ITF сериясының турнирі. Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев жұптық сайыста ширек финалға шықты. Алғашқы кезеңде қазақстандықтар жергілікті дуэт – Александр Ричардс/Эвери Заваланы 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Бейбіт бірінші айналымда канадалық Джошуа Лападатуды сенімді түрде ұтты – 6:4, 6:2. Енді ақтаулық теннисші америкалық Ноа Чаттермен ойнайды. Сондай-ақ Денис те осы турнирдегі өнерін сәтті бастады. Қазақстандық спортшы дебюттік ойында тағы бір америкалық Джошуа Шехиді 6:4, 6:4, есебімен жеңді. Енді екінші айналымда Райан Шейнмен (АҚШ) сынға түседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу