Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

622

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. 

Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыстың жеңімпазы атанды Фото: olympic.kz

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Анна — словакиялық Виктория Хрунчакова финалда чехиялық Мария Боузкова — америкалық Бетани Маттек-Сандспен бас жүлде үшін кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте чехиялық-америкалық дуэт сәтті ойнады — 7:6 (7:5).

"Супер тай-брейкте Данилина мен Хрунчакова жеңісті жұлып алды — 10:8. Осылайша, Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді", - делінген федерация хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу